homepage
фото: ашық дереккөзден

"Тілін кеспек болған". Павлодарда қатыгез оқушылар іздестіріліп жатыр

10.12.2025, 20:32

Павлодарда аулалардың бірінде 10 жасар екі бала жеті жасар баланы ұстап алып, тепкілеп, қайшымен тілін кеспек болған. Болған жайт туралы жәбірленушінің анасы айтып берді, деп хабарлайды Juzmedia. 

"Баламды жерге құлатып, біреуі аяғын ұстап тұрған, ал екіншісі басы мен кеудесінен тепкен. Содан кейін біреуі оның қолынан ұстап, екіншісі қайшыны алып шығып тілін кеспек болған. Менің ұлым жұлқынып, олардан сытылып кеткен".

Анасының айтуынша, жәбірленген бала оларға жеткізбей подъезге кіріп үлгерген. Оқиға орнында тұрған бейнекамералардың бәрі істен шыққаны анықталды. Зәбір көрген баланың анасы бұл оқиғаны көрген-білгендер біреу болса хабарласуын өтініп әлеуметтік желіде жазба қалдырды. 

Облыстағы балалар омбудсмені Сәуле Шакеневаның айтуынша, қазір баланың жағдайы қанағаттанарлық, ота жасауды қажет ететін жарақаттар анықталған жоқ. Психолог қазір баламен жұмыс істеуде. Күдіктілер іздестіріліп жатыр.