Қарағанды облысында рельстерді ауыстырып жатқан төрт жұмысшыны пойыз басып кетті. Төртеуі де алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі. Трагедия бүгін Мойынты-Шығанақ учаскесінде болған.
Сарышаған станциясының жол бригадасы теміржол аймағында рельстерді ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізіп жатқан. Машинист оларды кеш байқап, шұғыл тежегішті басқанмен, жылдамдықпен келе жатқан жүк пойызы төртеуін жаншып өткен. Оқиғаның мән-жайыйын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссия тергеу жүргізу үшін оқиға орнына жедел аттанды.