Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінен Altel, Tele2 және Beeline операторларының тариф саясатын тексеруді сұрады. Бір уақытта бағаның күрт көтерелуі күмән туғызады, дейді депутат.
Депутат бұл жағдай бәсекелестіктің емес, мүмкін келісілген әрекеттің белгісі болуы ықтимал екенін айтты.
«Үш оператордың тарифті дәл бірдей мөлшерде, бір уақытта қымбаттатуы — астыртын келісімнің белгісі емес пе?» – деп сұрады ол.
Депутаттық сауалда интернет жеткізу және тарату нарығындағы мүмкін монополиялық келісімдерге кешенді тексеру жүргізу қажеттігі айтылды.
«Бұл компаниялар ұялы байланыс пен интернет нарығындағы үстем жағдайын пайдаланып отыр ма, жоқ па — анықтау керек. Бұрыннан қалыптасқан ерекше құқықты бұзу үшін нарыққа жаңа ойыншыларды енгізу қажет», – деді Әшімжан.
Айта кетейік, биыл наурызда Kcell, Tele2 және Beeline тариф көтеру бойынша «сөз байласу» күдігімен тексерілген, бірақ бұл іс мамырда тоқтатылды.