homepage
Фото: Ukimet

КҚК жабдықтары енді Өскеменде өндірілмек

10.12.2025, 16:20

Өскемен арматура зауыты Каспий құбыр консорциумына арналған жабдық шығаруға кіріседі. Бұл жөніндегі келісімді АО «Өскемен арматура зауыты» мен АО «КҚК-К» Үкімет қабырғасында қол қойып бекітті, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Келісімге сәйкес, зауыт консорциумды Қазақстанда өндірілген жоғары технологиялы материалдармен, құрамдас бөлшектермен және жабдықпен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ техникалық қызмет көрсету, жаңғырту, сынақтан өткізу жұмыстары атқарылады. Тараптар инновациялық технологиялық шешімдерді бірлесіп әзірлеп, енгізуге уағдаласты.

Айта кетейік, КТК мұнай құбыры арқылы Қазақстан мұнайының 80 пайызы тасымалданады. Жылдық көлемі шамамен 65 миллион тонна.