homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Германияда өлтірілген судьяның ісі бойынша күйеуі мен енесіне іздеу салынды

10.12.2025, 16:02

Германияда өлтірілген бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаева ісіне қатысты жаңа дерек шықты. Күйеуі Александр Донцов пен енесі Наталья Донцоваға іздеу жарияланды. Оларды Талдықорған қалалық полиция басқармасы іздеп жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Айта кетейік, Айгүл Сайлыбаеваның денесі 2024 жылдың 16 маусымында Германиядағы Эрлахе көлі маңынан табылды. Тергеушілер оның өзге жерде өлтіріліп, кейін осы аумаққа әкелінуі мүмкін деген нұсқаны қарастырып отыр.

Марқұмның жақындары оған Германияда тұрмыстық зорлық көрсетілді деп болжайды. Биыл маусымда Германия полициясы күдікке ілінген енесі, Қазақстан азаматы Наталья Донцоваға ордер шығарып, оны қылмысқа тікелей қатысы бар тұлға ретінде атаған болатын.