homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Әсел Жанасова Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды

10.12.2025, 15:42

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Осыған байланысты ол бұрын атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Әсел Жанасова 1987 жылы Алматыда туған. «Болашақ» бағдарламасымен Кембридж университетін, кейін магистратурасын және ММУ-дің «Executive Management» бағдарламасын тәмамдаған. Еңбек жолын Лондонда ENRC компаниясында ІТ саласында бастап, бөлім менеджері және ақпараттық қауіпсіздік директоры болды.

2018 жылы АХҚО-да цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директор, 2020 жылы сауда және интеграция вице-министрі, 2022 жылы «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы қызметтерін атқарды. 2025 жылдың 8 маусымынан бастап осы уақытқа дейін Тоқаевтың кеңесшісі болды.