Украина президенті Владимир Зеленский елде сайлау өткізуге дайын екенін айтты. Ол сондай-ақ Киевтің АҚШ-қа жаңартылған бейбіт жоспар жолдайтынын хабарлады, деп жазады Juzmedia.kz.
Зеленскийдің айтуынша, бұл тақырыпты АҚШ президенті мен өзге серіктестер көтеріп жүргендіктен, Украина сайлау мәселесін қарастыруға әзір.
«Мен сайлауға дайынмын. АҚШ-тан, қажет болса еуропалық әріптестермен бірге сайлау өткізу үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектесуді сұраймын. Осылайша алдағы 60–90 күн ішінде Украина сайлауды өткізуге дайын болады», – деді ол.