homepage
Фото: gov.kz

Зейнетақы қорынан ақша алу үшін жеткілікті шек өзгерді

10.12.2025, 12:12

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры келесі жылы жинақты мерзімінен бұрын пайдалану үшін қажет жеткілікті шектерді жариялады. Жаңа мөлшерлер орта есеппен 10 пайызға өсіп отыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қор дерегіне қарағанда, 20 жастағы азаматтың шотында кемінде 3,72 млн теңге, 30 жастағы азаматта 5,12 млн теңге, ал 40 жаста 6,72 млн теңге қалуы тиіс. Бұл сома – жинақты алуға рұқсат ету үшін азаматтың шотында міндетті түрде болуы қажет ең төменгі мөлшер.

Шекті деңгейді есептеу кезінде келесі көрсеткіштер ескерілген: ең төменгі жалақы – 85 мың теңге, ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге, күнкөріс минимумы – 50 851 теңге. Жаңа талаптар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Бұған дейін Қазақстан офтальмологиялық және стоматологиялық ем-домға зейнетақы жинағын пайдалануға тыйым салған.