homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Австралия әлеуметтік желіге тыйым салды

10.12.2025, 11:39

Австралияда 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні қолдануға ресми түрде тыйым салынды. Осылайша бұл қадамды заң жүзінде іске асырған әлемдегі алғашқы мемлекет атанды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Енді TikTok, YouTube, Instagram және Facebook секілді платформаларға кәмелетке толмағандар кіре алмайды. Үкімет он ірі онлайн компаниясына 16 жасқа толмағандарды жүйеден толық бұғаттауды міндеттеген. Талапты орындамағандарға 33 млн доллар айыппұл салынады.

Жаңа тәртіп технологиялық компаниялар мен сөз бостандығын қорғау ұйымдары тарапынан сынға ұшыраса да, ата-аналар мен балалар құқығын қорғайтын қауымдастықтар бұл бастаманы құптап отыр.