homepage
Фото: gov.kz

Астана мен Тегеран не талқылайды?

10.12.2025, 11:01

Бүгін Иран президенті Масуд Пезешкиан Астанаға ресми сапармен келеді. Екі ел көшбасшыларының кездесуінде сауда қатынастарын кеңейту мәселесі негізгі тақырыптардың бірі болмақ, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

LS ақпаратына сәйкес, қаңтар-қазан айларында екі ел арасындағы тауар айналымы 40 пайыз өсіп, 357,4 млн долларға жетті.

Өсімнің негізгі себебі – Қазақстаннан Иранға экспорт көлемінің 2,5 есе артуы. Барлығы 996 мың тонна өнім жіберілген.

Оның ішінде:

  • 940 мың тонна арпа,
  • 41 мың тонна бидай (былтыр мүлде болмаған),
  • 2,3 мың тонна жасымық
  • 4,4 мың тонна мақта талшығы бар.

Ал қой еті экспорты алты есеге азайып, 128 тонна ғана жөнелтілген.

Ираннан Қазақстанға келетін тауар көлемі, керісінше, 20 пайыз төмендеді: 340 мың тонна. Ақшалай мәнде де импорт 14 пайыз қысқарған. Этилен полимерлері, құрылыс материалдары, жуғыш заттар, жеміс-жидек, консервілер және тәтті сусындар былтырғыдан аз импортталған.

Дегенмен, Қазақстан Ираннан сүт өнімдеріне сұранысты арттырған: сыр импорты 30 пайыз, сары май екі есе артқан. Қоюлатылған және құрғақ сүт импорты 5 мың тоннаға дейін көбейді. Миндаль мен пісте жеткізу көлемі де 44% өскен.