Павлодарлық кәсіпкерді аса қатыгездікпен өлтірді деген күдікке ілінген азамат Ресейде ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды. Күдікті биыл наурызда көрші ел аумағында қолға түскен, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Тергеу дерегінше, қылмыс өткен қыста, ақпан айында жасалған. Ол кәсіпкердің үйіне барып, екеуара әңгіме жанжалға ұласып, соңы қайғылы аяқталады. Ол жәбірленушінің кеудесі мен бетіне 22 рет пышақ сұғып, кейін денесін және көлігін жасырып қойған.
Қаскүнем қылмыстан кейін Қазақстаннан қашып кеткен, алайда Бас прокуратураның сұрауы бойынша Ресей оны ұстап, елге қайтарды. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған аса қатыгездікпен кісі өлтіру бабымен айып тағылды.