homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Трамп: Украинаға президент сайлауын өткізетін уақыт келді

10.12.2025, 09:31

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинада жаңа президент сайлауын өткізу керек деп санайды. Ол бұл пікірін Politico басылымына берген сұхбатында айтып, сайлауды кейінге қалдыру демократия қағидаттарына қайшы келетінін жеткізді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

«Қайсысы жеңетінін білмеймін. Бірақ оларда ұзақ уақыт бойы сайлау болған жоқ. Олар  демократия туралы айтады, бірақ ендігісі демократияға жатпайды», – деді.

Оның айтуынша, Украинада сайлаудың мүлде өтпеуі дұрыс емес, ал Владимир Зеленскийдің қайтадан жеңіске жету мүмкіндігі бар.

Украинада кезекті президент сайлауы 2024 жылы өтуі тиіс еді, алайда соғысқа байланысты кейінге қалдырылды. Қараша айының соңында АҚШ Украина жөнінде жаңа бейбіт жоспарын таныстырған. Оны сарапшылар өзара “Трамп жоспары” деп атап, ал еуропалық лидерлер құжатқа қарсылығын білдірген.