homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Айбек Смадияров СІМ ресми өкілі қызметінен кетті

10.12.2025, 09:02

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қызметінен кетті, деп хабарлайды Juzmedia.kz. Ол бұл шешімін ведомствоның кезекті брифингінде жариялады. “Бұл алдын ала қабылданған, өз шешімім” деп түсіндірді. 

Смадияров бұл қызметті 2018 жылдан бері атқарып келді. 8 жыл бойы министрліктің мінберінен елдің сыртқы саясаттағы ұстанымын жұртшылыққа жеткізіп, үздіксіз түсіндіріп келді.  

"Біраз жылдан бері бірге жұмыс істедік. Әрине, әр брифинг алдында толқимын. Оңай сұрақ, оңай брифинг болған жоқ. Сіздерге көп рақмет, сіздермен бірге өзім де шыңдалдым”,- деді ол журналистерге. Ол қызметін жеке секторда жалғастырмақ.