homepage
фото: Juzmedia

Қазақстандықтар үшін ажырасу әлдеқайда қымбатқа түспек

10.12.2025, 01:15

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда құжат рәсімдеу қымбаттайды. Себебі, айлық есептік көрсеткіш 3 932 теңгеден 4 325 теңгеге көтеріледі.

Анықталғандай, енді қазақстандықтар үшін ажырасу әлдеқайда қымбатқа түспек, мысалы неке қию туралы куәліктің құны 4 325 болса, ажырасу құжаты екі есе (8 650 теңге) қымбат тұрады. 

  • Балалар паспорты (16 жасқа дейін) – 17 300 теңге (24 бет)
  • Паспорт – 34 600 теңге (36 бет) 
  •                   51 900 теңге (48 бет) 
  • Жеке куәлік – 865 теңге
  • Жүргізуші куәлігі – 5 406 теңге
  • Неке туралы куәлік – 4 325 теңге 
  • Ажырасу құжаты – 8 650 теңге 

Бұл құжаттарды тегін рәсімдей алатын топтар бар. Олар жоғары мемлекеттік награда иелері, көпбалалы аналар, соғыс ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, жетім балалар мен Чернобыль апатынан зардап шеккен азаматтар.