homepage
фото: ашық дереккөзден

Қыс қаһарына мінді

10.12.2025, 01:03

Қазгидромет 10 желтоқсанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Juzmedia. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде көктайғақ болып, тұман түседі. Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі елімізде ауа райы күрт өзгеріп, суытатынын ескерткен.  

«Қатты аяз болып, қар жауады, боран соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады және жел күшейеді деп болжанып отыр. Ақтөбе, Қостанай, СҚО, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, ШҚО, Алматы, Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарында 20-33 °C қатты аяз болады», - деп жазылған хабарламада. 

Төтенше жағдайлар министрлігі қауіпсіздік шараларын сақтап, алысқа жол жүруді шектеп, жылы киініп жүру қажеттігін ескертті.