homepage
фото: ашық дереккөзден

Қоқыстан шақалақ табылды

10.12.2025, 00:50

Кентауда қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің денесі табылды. Қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Juzmedia.kz Түркістан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазіргі уақытта баланың анасы іздестіріліп жатыр. Полицейлер үй-үйді аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары мен куәгерлерден жауап алып жатыр, сондай-ақ медициналық мекемелерді тексеруде.

«Тергеу нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жариялауға жатпайды», – делінген хабарламада.