Бұған дейін қоластында жұмыс істейтін қызға қырындады деп айыпталып, мандатынан айрылған экс-депутат Асқар Садықовтың қызы – белгілі әнші Данеля (Dequine) мәлімдеме жасады. Бірнеше жыл бұрын бойжеткеннің өзі дәл осыгндай жайттың құрбаны болдым деп шағымданған болатын.
«Дәл сіздер секілді мен де шок жағдайдамын. Кімге сеніп, қандай реакция білдіру керектігін білмеймін, өмір мені мұндайға дайындаған жоқ. Харассменттің ауыр қоғамға жария жағдайынан өткен адам үшін болып жатқан оқиға – бұл үлкен стрес», - деп жазды әнші қыз.
Еске салайық, осыдан бірнеше күн бұрын Мәжілістегі «Ақжол» фракциясының жетекшісі Азат Перуашев әріптесі Асқар Садықовтың ерсі және анайы қылықтары туралы көпшіліке жар салып, оны партия қатарынан шығарды, тиісінше мандатынан да айырды.
Ізінше Садықовтың өзі де мәлімдеме жасап, мұны Перуашевтың тарапынан жабылған жала екенін, астарында саяси тапсырыстың да жатқанын айтып, өзін ақтады.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.