homepage
фото: ашық дереккөзден

Темір қақпашы: Анарбеков-үздік ойыншы

10.12.2025, 00:10

«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының 6-турында «Олимпиакосқа» 0:1 есебімен жеңілді. Жалғыз гол 73-минутта соғылды. Ойынның үздік ойыншысы - қазақ қақпашысы Темірлан Анарбеков. Осылайша ол қазақ футболы тарихында бұл атақты алған алғашқы ала доп шебері атанды. 

8 допты қайтарған "Қайраттың" голпикері  бірқатар танымал қақпашыларды шаң қаптырды. Қазіргі уақытта Анарбековтың Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңінде 26 сэйві бар. Осылайша 22 жастағы Темірлан тіпті «Реал» қақпашысы Тибо Куртуаны басып озып, турнирде үшінші орынға жайғасты деп хабарлайды, Sports.kz.