homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

ЕАЭО: қазақстандықтардың ғана табысы өспеген

09.12.2025, 17:28

ЕАЭО елдері арасында табысы өспеген жалғыз ел – Қазақстан. Еуразиялық экономикалық комиссияның дерегіне сәйкес, қаңтар–қыркүйек аралығында Қазақстанда жалақы 0,4 пайызға төмендеген, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Тоғыз айда орташа айлық 10,6% өсіп, 433 312 теңгеге жетсе де, халық мұны сезіп үлгермеді, себебі бұл өсімді инфляция толық “жеп” қойды. Ал, экономикалық одаққа мүше өзге елдерде жалақы өскен, мысалы еңбекақы Қырғызстанда – 10,9%, Беларусьта – 10%, Ресейде - 4,5%, Арменияда – 1,9% жоғарылаған. 

Қазақстандықтардың орташа жалақысы доллармен есептегенде 833$. Бұл — одақ елдері арасындағы үшінші көрсеткіш, Ресейде – 1 137$, Беларусьте – 851$, ал Арменияда – 759 және Қырғызстанда 490 доллар.