homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Келбетіне көңілі толмайтын қазақстандықтардың саны күрт өскен

09.12.2025, 17:07

Қазақстандықтар кенеттен келбетіне көңілі толмай, пластикалық және реконструктивті операция жасатуға лап қойды. Data Hub мәліметінше, қараша айында 2 277 өтініш түскен, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Өтініштердің жалпы сомасы – 2,1 млрд теңге. Бұл өзге айлармен салыстырғанда бірнеше есе жоғары.

Зейнетақы жинағы арқылы стоматологиялық және офтальмологиялық өтініштерді қабылдау тоқтағаннан кейін, қазақстандықтар пластикалық операция жасатуға бел буған.  Ең қызығы – мұндай өтініштердің басым бөлігі қайтарылмай, мақұлданып жатыр.

Бұған дейін қазақстандықтар “тісімді емдеймін” деп жалған өтініш жазып, жүйеден 200 млрд теңгеден астам қаржыны заңсыз шығарып алғаны айтылған. Осыдан кейін Денсаулық сақтау министрлігі клиникаларды лицензиялау тәртібін қайта қараймыз деп мәлімдеген.