homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Еуропаға виза алу жеңілдейді

09.12.2025, 16:23

Еуропаға виза рәсімдеу кезінде тапсыратын құжат саны қысқарады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оның айтуынша, қазір виза алу үшін 20–30 түрлі құжат жинау қажет. Қазақстан бұл тізімді едәуір қысқартуды және виза алымын азайтуды ұсынып отыр. Мұндай жеңілдік қазақстандықтардың сапарын да, бизнес және мәдени байланыстарды да оңайлатады.

ЕО-мен келіссөздердің екінші кезеңі 2026 жылы Астанада өтеді. Ал нақты шешімнің қашан қабылданатыны әзірге белгісіз.

Айта кетейік, 2 желтоқсанда Брюссельде Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету және реадмиссия бойынша алғашқы келіссөздерді бастады. ЕО басшылығы Қазақстанмен әріптестікті кеңейтуге дайын екенін айтқан.