Қазақстан Қашағаннан өндірілген мұнайды алғаш рет Қытайға жөнелтуді жоспарлап отыр. Алғашқы партия осы желтоқсанда “Атасу – Алашанькоу” бағыты бойынша тасымалданады. Бұған Каспий құбыр консорциумының өткізу қуатының төмендегені түрткі болды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Reuters мәліметінше, осы айда Қытайға 50 мың тонна мұнай жөнелтіледі. КҚК-ның Қара теңіздегі терминалы украин дронының соққысынан кейін толық қалпына келер емес. “Атасу–Алашанькоу” магистралдық мұнай құбыры «Қазақстан–Қытай құбыры» компаниясына тиесілі. Бұл – «Қазтрансойл» мен “China National Oil and Gas Exploration and Development Company” бірлескен кәсіпорны, әр тараптың үлесі 50%.
Құбыр Қазақстанды Шыңжаңмен байланыстырады. Әдетте ол арқылы Қазақстанның басқа кен орындарынан өндірілетін мұнай жеткізіледі. Қашаған мұнайы көбіне КТК арқылы Новороссийскіге экспортталады.
Қазір “Атасу–Алашанькоу” бағытымен айына шамамен 85–86 мың тонна мұнай жөнелтіледі. Қазақстан бұл бағыт бойынша биыл шамамен 1 млн тонна мұнай жіберуді жоспарлаған. 2024 жылы транзит көлемі 1,2 млн тоннаға жетті.