Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкиннің қазақ тілінде жасаған баяндамасын мақтады, деп хабарлайды Juzmedia.
Коняшкин көлік-транзит саласын цифрландыру жөніндегі баяндамасын бастан-аяқ қазақша жасады. Бұл үкімет басшысына ұнаған сыңайлы. «Жақсы баяндадыңыз. Дұрыс, үйрену керек», – деді премьер.
Айта кетейік, Ростислав Коняшкин – мемлекеттік тілде сөйлегені үшін үкімет басшысынан жылы сөз естіген алғашқы шенеунік емес. Бұған дейін Бектенов осы ведомстваның тағы бір өкілі, вице-министр Дмитрий Мунды да қазақ тілінде баяндама жасағаны үшін атап өткен болатын.