homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Балаларға зәбір көрсететіндер көбейіп барады

09.12.2025, 16:41

Қазақстанда балаларға жасалатын қылмыс саны азаймай тұр. Керісінше, үдеп келеді деп хабарлайды Juzmedia.kz Finprom дерегіне сүйеніп.

Мысалы, 2023 жылы кәмелетке толмағандарға қатысты – 2,2 мың, 2022 жылы – 1,8 мың дерек тіркелсе, биылғы он айда – 3,1 мың факті анықталған. Яғни, былтырғы кезеңнен 4,7 пайызға көп. 

Тіркелген фактілердің 757-і – құқыққа қайшы әрекеттер, ал 2,4 мыңы – нақты қылмыс. Көбіне кездесетін жағдайлар:

  • ұрып-соғу,
  • жүргізушілердің жол ережесін бұзуы,
  • жеңіл дене жарақаттары, 
  • 16 жасқа толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстар.

Балалардың өздері жасайтын қылмыстар да көбейіп барады. Биыл он айда 1,9 мың жасөспірім құқық бұзған. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 36% көп. Ең көп дерек Алматыда, Шымкент пен Астанада, Атырау және Ақтөбе облыстарында тіркелсе, балалар қылмысы — Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында төмен. 

.