homepage
Фото: видеодан алынған кадр

Жапонияда жер сілкінді

09.12.2025, 14:09

Жапонияның қуаты 7,6 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді. Әзірге зардап шеккендер саны 20-дан асады, деп хабарлайды Juzmedia.kz. 

Нүктесі Аомори префектурасы маңында болғанмен толқынды Токиоға дейін сезілген. Ал, елдің солтүстік-шығыс жағалауына цунами қаупі төніп тұр. Биіктігі үш метрге дейін жетуі мүмкін деп ескертеді мамандар. 

Жапонияның басты метеорологиялық басқармасы Хоккайдо мен Хонсю аралдарының солтүстік-шығыс бөлігінде цунами қаупін жариялап, жағалау тұрғындарын биік аймақтарға көтерілу қажеттігін ескерткен.Теңізде тіркелген ең жоғары толқын биіктігі 70 сантиметр болған.

Ал, Jazeera таратқан мәліметке сәйкес, жер сілкінісінен 20-дан астам адам жарақат алған. DailyMail жариялаған бейнежазбаларда көшелер мен ғимараттардың қатты шайқалғаны байқалады.