homepage
Фото: primeminister.kz

Пилотсыз такси туралы заң жобасы әзірленіп жатыр

09.12.2025, 12:02

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев пилотсыз көлік жобаларының Қазақстанда кезең-кезеңімен енгізілетінін айтты. Оның сөзінше, алдымен қауіпсіздік талаптары толық қамтамасыз етілуі керек, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

2027 жылы алғашқы пилотсыз жүк көліктерін іске қосу жоспарда бар. Ал пилотсыз такси қызметіне келсек, жоба жоспарда бар. Заң жобасында пилотсыз таксимен бірге аэротакси мәселесін де қарастырғанбыз. Келесі жылы ол құжатты Парламентке енгіземіз. Біз заман көшінен қалмауға, жаңа технологияларды Қазақстан аумағында да қолдануға тырысамыз, — деді министр.

Сауранбаевтың сөзінше, пилотсыз такси жобасында Қытай тәжірибесі негізге алынған. Әзірге толық автономды режимге бірден көшу мүмкін емес: қазірге дейін Шэньчжэнь қаласында да көлік ішінде қауіпсіздік үшін жүргізуші бірге отырады. Министр Қазақстанда да осы үлгімен біртіндеп іске қосу жоспарланып отырғанын жеткізді.