Бектенов суармалы су тапшылығына байланысты ескерту жасады. Үкімет отырысында алдағы вегетациялық кезеңде еліміздің оңтүстік аймақтарын сумен қамтамасыз ету мәселесі қаралған болатын.
Басты міндет - суды көп қажет ететін дақылдардың үлесін қысқарту және су үнемдеу технологияларын енгізу. Бұл ретте өңір әкімдіктері егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру бойынша индикаторлардың мүлтіксіз орындалуын қатаң қадағалауы қажет.
"Егер бір шаруашылықта 100 гектар болу керек десек, ертең 1 гектардан артық егілсе, біз оған бір тамшы су бермейміз. Егер ертең Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен көрсеткіштерді бұзып, диқандар шығынға ұшыраса, бір тиыны да бюджеттен өтелмейді. Мұны халыққа ашық жеткізу керек", - деді Олжас Бектенов.
Бұл мәселені Премьер-министрдің өзі бақыламақ.
Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев алдағы вегетациялық кезеңде оңтүстік өңірлерде суармалы су тапшылығы 1 млрд текше метрге дейін жетуі мүмкін екенін айтқан.