homepage
Фото: Ерлан ОМАР, «EQ»

Ақылы жолдардың ақысы қайда жұмсалды?

09.12.2025, 11:11

ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы ақылы жолдардан түскен табыс пен оның қайда жұмсалғаны туралы есеп берді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

2025 жылы 1700 шақырым болатын 9 жаңа учаске ақылы жолдарға қосылды. Осылайша ақылы учаскелердің жалпы саны 26-ға жетіп, ұзындығы 4900 шақырым болды. 11 айда ақылы жолдардан 79 млрд теңге түсті, — деді басқарма төрағасы Дархан Иманашев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, түскен қаржы осы жолдарды күтіп ұстауға,  жөндеуге жұмсалған. Төлем жүйесінің инфрақұрылымы іске қосылып, арнайы техника сатып алынған, инвестор шығындары өтелген, 1200 қызметкердің еңбекақысы төленген. 61 мың шаршы метр шұңқыр бітеліп, 140 мың жол белгісі орнатылған.

Компания түсіндірмесінде ақылы жолдардан түсетін қаражаттың жыл сайын тексерілетіні айтылды. 

2025 жылы келісімшарт талаптарын бұзғаны үшін 48 техникалық қадағалау маманы жұмыстан шығарылып, оларға 196 млн теңге айыппұл салынды. Құрылыс жұмыстарын тиісті түрде орындамағаны үшін 10 мердігер компания сот шешімімен жосықсыз компаниялар тізіміне енгізілді, — деді ол.