homepage
Фото: Depositphotos.com

Бас дәрігер бюджеттің қаржысына бас қаладан пәтер сатып алған

09.12.2025, 10:07

Қазығұрт аудандық ортылығының бұрынғы бас дәрігері медициналық жабдықтар сатып алуға бөлінген 115 млн теңгеге өзіне Астанадан пәтер сатып алған. Қаржы мониторингі агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті тергеуді бастады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бас дәрігер тендерді бірнеше бөлікке бөліп, көп келісімшарт жасайды. Ал, сол келісімшарт жасасқан фирмалар дәрігердің туыстары болып шығады. Бағасын қолдан көтереді. Жабдықты басқа компания жеткізгенмен, құжаттардың бәрі осы фирмалар арқылы рәсімделіп, аурухана ақшасы сол ұйымдардың шотына түскен. Кейін қаражат қолма-қол айналып, өзара бөлінген.

Мемлекетке келген шығын 115 млн теңге. Бұрынғы бас дәрігер бұл ақшаға Астанадан екі бөлмелі пәтер алып үлгерген. Сот мүлікке тыйым салды. Қазір оған кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, сыбайласы үй қамақта отыр.