«Аңдар шаһары 2» анимациялық фильмі прокаттың алғашқы 10 күнінде 270 млн теңге жинап, жаңа рекорд орнатты. Фильмнің Қазақстандағы жалпы кассалық табысының 15,5%-ы қазақша нұсқасына тиесілі. Бұл жайында Президенттің көмекшісі-Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
“Өзім де қызымды алып барып, тамашалап қайттым. Зал көрерменге толы болды. Бұл – қазақша дубляжға деген зор сұраныстың айқын дәлелі. Туындыларды қазақша дубляждау жұмысы алдағы уақытта да жалғаса береді. Әлемдік премьераларды қазақ тілінде көрейік!”, делінген жазбада.
Аталған анимациялық фильм «Қазақ тілі» қоғамы мен Disney студиясының әріптестігімен дубляждалған.