homepage
Фото: ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Енді "қайтарылмайтын билет" деген болмайды

09.12.2025, 01:48

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов мәжілісте қаралып жатқан “Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы” заңға қандай өзгерістер енгізілетінін айтып берді. Құжатта “қайтарылмайтын билет” деген ұғым алынып тасталды. 

"Бұрын авиация саласын, тіпті шағымдарға байланысты да, тексеруге тыйым салынған еді. Лоббистер соны өткізіп жіберген. Біз бұл бақылауды қайтарып алып, оны Азаматтық авиация комитетіне бердік. Енді заң қабылданғанын күтеміз, содан кейін талаптарды күшейтіп, тексерісті бастаймыз. Қайтарылмайтын билеттерді мүлдем алып тастадық. Бұрын авиакомпаниялар билет құнының 30%-ын өздеріне қалдыратын, енді бұл көрсеткішті 10%-ға дейін төмендеттік. Авиатасымалдаушылар сапасыз немесе уақытында көрсетілмеген қызметтер үшін тиісті айыппұл төлеуі керек", дейді депутат. 

Сондай-ақ, депутатттар отандық лоукостер билеттерінің бағасын төмендетуге бекініп отыр.  

"Мысалы, Қызылордаға қарапайым рейстер жоқ, тек лоукостер ұшады. Бірақ оның бағасы – шамамен 40 мың теңге. Еуропада бұл шамамен 10-12 мың теңге тұрады. Яғни бізді алдап отыр деген сөз. Біз енді заңды қабылдап алайық, содан кейін жұмысты жалғастырамыз", дейді мәжілісмен.