homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Тұз неге тапшы? Төреғалиев түсіндірді

08.12.2025, 17:40

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңірдегі тұз тапшылығының негізгі себебін түсіндірді. Айтуынша, аймақ тұзды Ресейден тасымалдап келген, ал көршінің «Руссоль» кәсіпорнының өндіріс тоқтап қалғанда тапшылық сезілген, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Әкімнің айтуынша, кәсіпорын шамамен он күн жұмыс істемегенде, дүкендерде тұз түгесілген. Бұл жағдайды өңір басшысы ашық мойындады. Алайла, тұз тапшылығы төңірегіндегі мәселе даурығатындай деңгейде емес. “Жағдай бақылауда” деді әкім. Тұз Атырау мен Қызылорда облыстарынан, сондай-ақ жұмысы қалпына келген «Руссоль» кәсіпорнынан жеткізіліп жатыр. Әкім дүкен сөрелері қайта толғанын, тапшылық жойылғанын айтты. Баға да тұрақты: ең төменгісі 55 теңге, ең жоғарғысы 69 теңгеден сатылып жатыр.