homepage
Фото: khaosodenglish.com

Шекарадан ши шықты

08.12.2025, 16:02

Таиланд пен Камбоджа шекарасында қарулы қақтығыс қайта өршіп, атыс қайта басталып, тараптар бір-бірін оқ атқаны үшін айыптап отыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Таиланд әскері қақтығыс кезінде екі сарбаздың қаза тапқанын, төрт әскери қызметкердің жараланғанын мәлімдеді. Камбоджа жағы үш бейбіт тұрғынның зардап шеккенін айтып отыр. Шекара маңындағы бірнеше ауылдың тұрғындары эвакуацияланды.

Екі ел арасындағы екара дауы жылдар бойы шешілмей келеді. Соңғы ірі қақтығыс осы жылдың шілдесінде бес күнге созылып, ондаған адам ажал құшқан. Сол кезде Малайзия мен АҚШ араағайындығымен атысты тоқтату туралы келісім жасалған еді.

Қазіргі атыстың неден басталғаны белгісіз, алайда екі тарап та бір-бірін келісімді бұзды деп айыптап отыр.