Атырау облысында 23 жастағы Яна Легкодимованың өліміне қатысты істі тергеген тергеушінің қызметі өсті. Ерекше маңызды істер бойынша аға тергеуші Темірхан Хажмұратов мерзімінен бұрын полиция майоры шенін алды.
Атырауды ғана емес, жалпы елді дүр сілкіндер сол бір жантүршігерлік ауыр қылмысты ашуда атыраулық полицейлер кәсібилік танытқан.
"Тәртіп сақшылары бейнебақылау дерегін саралап, жедел іздестіру іс-шараларын ұйымдастырып, екі күдіктіні анықтап, істі толық ашты. Қос күдікті сот үкімімен өмір бойына бас бостандығынан айырылды", - деп жазылған Атырау ПД таратқан хабарламада.