homepage
Фото: depositphotos.com

Тістен басталған іс: стоматологиялық клиникаларды жаппай тексеру басталды

08.12.2025, 15:07

Бас прокуратураның талабы бойынша елдегі барлық стоматологиялық клиникалар тексеріледі, олардың жалпы саны 600-ден асады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Сала министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, жыл басынан бері 160 тіс емханасына жоспардан тыс тексеріс жүргізілген. Олардың ішінде үш жасар қыз бала қайтыс болған астаналық стоматология да бар.

«Биыл қаңтар айында бұл клиника толық тексерілді. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті материалдарды тергеу органдарына тапсырды», - деді ведомство басшысы.

Министр, жеке медициналық ұйымға тексеріспен бару үшін оның атына түскен шағым немесе арыз болуы керек дейді. 

Естеріңізге салайық, Астанадағы Dent-Park клиникасында дәрігерлер 3 жасар қыздың 18 тісін ұзақ уақытқа ұйықтатып тастап емдеген. Бала анестезиядан кейін оянбай, көз жұмған. Қазір қылмыстық іске байланысты сот процесі жалғасып жатыр. Анестезиолог Жұмағалиева кінәсін мойындар емес.