Қазақстандық DJ Иманбек Зейкенов “Құрмет” орденін алды. Марапатты бүгін Вице-премьер – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл сыйлық Мемлекет басшысының жарлығымен 25 қазан Республика күні қарсаңында бекітілгенмен, табысталуы тиіс тұлғалар елде болмаған. Яғни, кешіктіріліп беріліп отыр.
Вице-премьердің қолынан марапат алғандардың ішінде Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы жанындағы Съездің бастамаларын іске асыру департаментінің бұрынғы басшысы Қарлығаш Қалилаханова бар. Сондай-ақ, блогер, ережесіз жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды.
Айта кетейік, Иманбек Зейкенов “Grammy” музыкалық сыйлығын алған алғашқы қазақстандық ретінде тарихта қалды. Оның америкалық орындаушы SAINt JHN-дің “Roses” әнініне жазған ремиксі 2024 жылдың соңына дейін 5 млдр рет тыңдалған.