Жаңа жылдан бастап қымбат көлік, жылжымайтын мүлік және элиталық тауарлар үшін қосымша төлем міндеттеледі, деп хабарлайды Juzmedia.kz 24KZ-ке сілтеме жасап.
Құны 18 мың АЕК-тен асатын көлік үшін 10 пайыздық бір реттік акциз, сондай-ақ бағасы жоғары ұшақ, яхта, алкоголь және сигаралар да осы тәртіпке енеді.
Ұлттық экономика министрлігінің түсіндіруінше, 75 млн теңгеден қымбат көлік иесі 10 пайыз көлемінде акциз төлеуге міндетті болады. Дәл осындай талап құны 24 АЕК-тен асатын әуе және су көліктеріне қолданылады. Бағасы 500 мың теңгеден жоғары алкоголь және 10 мың теңгеден асатын сигаралар да сән-салтанат салығына жатады.
Жылжымайтын мүлікке келсек, азаматтың меншігінде жалпы құны 450 млн теңгеден асатын бірнеше нысан болса, олар жеке-жеке емес, жиынтық құны бойынша есептеліп, ортақ салық төленеді.