homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Банктің лауазымды қызметкерлері шетке заңсыз ақша шығарған

08.12.2025, 12:01

Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз трансшекаралық төлемдердің ауқымды схемасын анықтады. Тергеу дерегінше, ұйымдасқан ірі қылмыстық топ 600 млрд теңгеден астам қаржыны шетелдегі онлайн-казино шотына аударып үлгерген. 

Тергеу барысында анықталған схема өте қарапайым көрінгенімен, көлемі таңғаларлық. 

"Қазіргі уақытта заңсыз операциялардың анықталған көлемі 600 миллиард теңгеден асады. Заңсыз схемаға 20-дан астам төлем ұйымы, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің лауазымды тұлғалары тартылған", - делінген ҚМА таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, төрт онлайн-казиноға техникалық қолдау көрсетіп, ақша операциялары бойынша кеңес берген Call-орталықтың қызметі тоқтатылды. Заңсыз жұмысқа Қазақстан, Ресей, Беларусь, Испания және Вьетнам азаматтарынан 120 адам тартылған.

ҚМА мәліметінше 70-тен астам тінту жүргізіліп, тоғыз адам қамауға алынды, арасында «Төлем ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ басшысының кеңесшісі де бар. 
Сегіз адамға халықаралық іздеу жарияланбақ.