Кезінде Астанадағы ең танымал демалыс орындарының бірі болған - Cinema City кинотеатрының ғимараты ақыры өртеніп тынды. Ғимарат соңғы бірнеше жылда қаңырап бос тұрған еді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт ғимараттың бірінші қабатында жұмыс істемей тұрған кафеден шыққан. Өрт аулада тұрған жүк көлігін де шарпыған.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 112 қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.