Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты, бес адамның жағдайы ауыр.
Өрт 6 желтоқсанда Абылай хан көшесінде, бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы қосалқы бөлмеде тұтанған болатын.
Қою түтіннен зардап шеккен алты адам ауруханаға жеткізілген. Олардың арасында бес бала мен бір ересек адам бар. Барлығы "көміртегі тотығымен уланған” дейді дәрігерлер. Зардап шеккендердің жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр.
"Реанимациялық шараларға қарамастан өте ауыр жағдайда түскен 2014 жылы туған бала қайтыс болды", – деп хабарлады дәрігерлер.