Жоғары аудиторлық палатаның тексерісінен кейін мемлекеттік сатып алу ережелеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұған дейін кей жеткізушілер жобалау-сметалық құжаттаманы қайта түзетіп, қосымша қаражат талап етуге мүмкіндік алатын еді.
Сараптама нәтижесінде мұндай әрекеттер сатып алу бағасының негізсіз өсуіне әкелетіні анықталды. Осыған байланысты Үкіметке заңнамаға түзетулер енгізу ұсынылды.
Жаңа нормаға сәйкес, егер келісімшартқа енгізілген өзгерістер шығынды ұлғайтуды көздесе, келісімшарт сомасы конкурс кезінде есептелген ең төменгі демпинг мөлшерін ескере отырып қана көбейтіледі.
Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі хабарлады.