homepage
Фото: ашық дереккөзден

13 орында тұрмыз: баспанасы арзан елдер рейтингі

08.12.2025, 10:18

Numbeo деректеріне сүйенген халықаралық рейтингтер Қазақстанда тұрғын үй бағасын салыстыра келе, өте төмен деген қорытындыға келді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Сарапшылар пәтер құны бойынша Қазақстанды 97 елдің ішінде 13-орынға орналастырған.

Жалпы, ең арзан баспана әл-ауқаты төмен елдерде байқалады. Мысалы, бұл тізімдегі алғашқы орындарда Пәкістан, Египет, Венесуэла тұр. Ал, ең қымбат баспана Гонконг, Сингапур және Оңтүстік Кореяда. 

Қазақстанда орталықтағы баспана бағасының орташа құны – бір шаршы метрге 1 235 доллар, бұл көрсеткіш Иран және Палестина сияқты елдермен шамалас әрі Украинадан айтарлықтай төмен. Қала сыртындағы тұрғын үйдің орташа құны – 867 доллар. Осы метрика бойынша Қазақстан дәл Палестина мен Украинаның ортасында тұр.

ТМД елдерінде баспана бағасы Қазақстаннан қымбат болып шықты. Ресми статистика да бұл деректі растайды: қазандағы орташа бағалар жаңа тұрғын үйде 1 028 доллар, қайталама нарықта 1 059 доллар көлемінде болған.