10–11 желтоқсанда Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан Астанаға ресми сапармен келеді деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ақорданың жазуынша, сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Тараптар сауда-экономика, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылайды.
Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы соңғы екі жылда екі есеге жуық өскен.