homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Димаш туралы кітап жарық көрді

08.12.2025, 09:14

Димаш Құдайберген туралы «Шексіз музыка» атты жаңа кітап жарыққа шықты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

«Алматыкітап баспасы» DimashAli продюсерлік орталығының қолдауымен шыққан кітап-альбом әншінің кәсіби қалыптасу кезеңдерін түгел қамтиды. 289 беттен тұратын кітапқа архивтік фотосуреттер, концерттерден алынған материалдар, сондай-ақ орындаушының жеке естеліктері мен түсіндірмелері енгізілген.

Басылым қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде басылып шықты. Кітап қазіргі уақытта «Алматыкітап баспасы» фирмалық дүкендеріне түсті.