homepage
Фото: AFP

Батыс Африкада тағы төңкеріс

07.12.2025, 17:20

​Бенинде әскери күштер президентті тақтан тайдырып, билікті өз қолдарына алғандарын ұлттық телеарна эфирінен мәлімдеді​. Әскери көтерілісті подполковник Тигри Паскаль басқарған. 

Алайда Талонның төңірегіндегілер төңкерістен қауіп жоқ, бәрі бақылауда деп отыр. 

«Бұл — тек теледидарды бақылауына алған шағын топ. Тұрақты армия бақылауды қалпына келтіріп жатыр. Қала мен ел толық қауіпсіз жағдайда», — деп мәлімдеді президент офисі AFP агенттігіне.

67 жастағы Талон келесі жылы екінші мерзімі аяқталған соң отставкаға кетуі керек еді, президент сайлауы сәуірге жоспарланған. Талон — Бенинде «мақта королі» атанған белгілі бизнесмен. Ол алғаш рет 2016 жылғы сайлау нәтижесінде билікке келген. Президент үшінші мерзімге түспейтінін мәлімдеген. 

Соңғы жылдары Африканың батысында бірнеше әскери төңкеріс болды, аймақтағы қауіпсіздік нашарлап барады. 

 

 

 

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.