Ақмола облысында патрульдік полиция инспекторы қызмет барысында қаза тапты, деп хабарлайды Juzmedia. Қайғылы оқиға бүгін, Астана-Ерейментау-Шідерті жолында болған.
Анықталғандай, Toyota Camry көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, патрульдік полиция қызметкерін қағып өткен. Алған жарақаттардан жол инспекторы Асанәлі Әскербеков қаза тапты. Облыстық полиция департаменті бұл жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу амалдарының басталғанын хабарлады.