Грузияның тергеу қызметі үш қазақстандықты қамауға алды, деп хабарлайды Juzmedia.kz. Оларға «Батуми мұнай терминалы» ЖШС басшыларымен бірігіп, 10 мың тонна мұнайды заңсыз сатты деген айып тағылып отыр.
«Батуми мұнай терминалы» компаниясының басшылығындағы 3 лауазымды қызметкер де ұсталған. Қылмыстық топ терминал резервуарындағы 10 мың тоннадан астам шикі мұнайды заңсыз сатқан, шикізат құнн 15 млн лари немесе 2,8 млрд теңге деп бағаланып отыр.
Грузин баспасөзі күдіктілер 11 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін екенін ескертіп отыр.
«Батуми мұнай терминалы» компаниясының 100% үлесі «ҚазТрансОйл» АҚ тиесілі.