Кения астанасы Найробиде таеквондодан жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz. Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында екі алтын және бір қола медаль жеңіп, жалпы есепте үшінші орынға шықты. Бұл - Қазақстан таеквондосы үшін тарихи нәтиже.
Бейбарыс Қаблан мен Батырхан Төлеуғали жаһан біріншілігінде топ жарып, алтын жүлде иеленсе, Тамерлан Тлеулес қолаға қанағат қылған еді. Бірінші орын — Түркия, екінші орын — Иран құрамасына бұйырды. Жалып, Кенияда жалауын желбіреткен жарысқа 75 елдің 500-ге жуық даянг шебері қатысты.