Еуропалық одақ Илон Маскқа тиесілі X платформасын цифрлық қауіпсіздік пен ашықтық ережелерін сақтамады деп айыптап, 120 миллион еуро айыппұл салды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Еурокомиссия өкілдері платформа цифрлық қызметтер туралы заңды бұзды деп отыр. Атап айтқанда, “көк белгі” (blue check) бөлінісіндегі қателік, нәтижесінде профильдердің шынайлығына күмән бар, одан бөлек, жарнамалар туралы мәліметтерді жасырған және реттеуші органдарға жалпыға қолжетімді ақпараттарды ұсынбаған.
Платформаға 60 күн ішінде верификация мәселесін реттеуге, ал жарнама ашықтығы мен деректер қолжетімділігі талаптарын орындауға 90 күн уақыт берді.