homepage
Фото: Polisia.kz

Алматыда колония ашылды

07.12.2025, 12:08

Кәмелетке толмағандарға арналған елдегі жалғыз колония жаңа ғимаратқа көшті. Алматы қаласында орналасқан түзеу мекемесінің ескі ғимаратының негізі сонау 1941 жылы қаланған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қазір бұл түзеу мекемесінде 60 жасөспірім жазасын өтеп жатыр. Жаңа ғимаратқа бюджеттен қаржы бөлінген жоқ, мемлекеттік-жеке серіктестіктің арқасында салынған. 200 орынға арналған түзеу мекемесі, халықаралық стандарттарға сай. 

“Жаңа колония ашу – мақтанатын нәрсе емес. Біз, керісінше оны толтырмауға тырысып бағамыз”, деді Алматыға жұмыс сапары барысында жаңа түзеу мекемесіне барған ІІМ Ержан Сәденов. 

Сондай-ақ, министр Алматы қаласында қылмыс деңгейінің 13% төмендегенін мәлімдеген.